Мәншүк Мәметова мұздығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұздық Мәншүк Мәметова мұздығыІле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық. Одан Кіші Алматы өзені бастау алады.

Сипаты

Ауданы 0,6 км2, ұзындығы 1,5 км, ашық жері 0,3 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3790 м. Ашық жатқан тілі 3610 м, ал борпылдақ жыныспен жабылған бөлігі 3580 м биіктікте. Мұздықтың орташа қалыңдығы 20 м, көлемі 12 млн.м3. Жазда көлемі 100 – 200 мың м3 мұз ериді. Мұздыққа 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер