Мәлік шах I

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәлік Шах<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>-салжұқ сұлтаны (1072 — 1092). Оның тұсында Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырған Салжұқ сұлтандығы саяси жағынан күшейді. Шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Мәлік Шах тұсында Салжұқ әулеті билеген Керман (1041 — 1187), Рум (Кіші Азияда 1077 — 1307), Сирия (1094 — 1117) сұлтандықтары құрылды. Бірақ 1-крест жорығынан кейін салжұқтар Палестинадан, кейін Сириядан, Грузиядан, Азияның кейбір аймақтарынан айырылды. Мәлік Шахтың өлімінен кейін исмаилшылдар қозғалысына байланысты ішкі тартыстар шиеленісті. 1118 жылы Салжұқ мемлекетін Мәлік Шахтың балалары бірнеше иеліктерге бөліп алды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәлік шах I|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}