Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәжит Мұхамеджанұлы Шомбалов (20.4.1873, бұрынғы Ішкі Орда, Талап бөлімі, 1-старшындық ауылы – 1940, Орал облысы Казталов ауданы) – обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қалыптастырудың негізін қалаушы.
- Қазан университетінің медициналық факультетін бітірген (1899).
- 1899 – 1903 жылдары Орда оба стансасында дәрігер
- 1903 – 17 жылдары Орда ауруханасының меңгерушісі болды.
- 1911 жылы И.И. Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласында оба індетін зерттеу жұмыстарына қатысты.
- Ол екі мәрте “Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтердегі обамен күрестегі еңбегі үшін” арнайы күміс белгісімен марапатталған (1906, 1910).
- Азамат соғысының ауыр кезеңдеріне қарамастан, Бөкей губерниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашты.
- 1923 – 29 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау халкомының орынбасары, сонымен бірге Қырғыз АКСР Орталық Атқару комитетінің мүшесі және Бүкілресейлік Қызыл крест қоғамының Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды.
- 1929 – 38 жылдары Қазақтың респ. дәріхана басқармасының бастығы, біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы сттансаның меңгерушісі болды.
- Алматы қаласындағы 4-дәріхана Шомбаловтың есімімен аталады. <ref>Әлжанов А., Шокин Ә., Досаханов Ә., Алғашқы қазақ дәрігерлері, А., 1984.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}