Мәди Хасенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәди Хасенов(01.12.1936, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы – 1992, Ақмола) – жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978).
Көкшетау педагогика училищесін (1954), ҚазМУ-ды (1961) бітірген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> 1961 жылдан Целиноград қаласындағы «Тың өлкесі» газетінде, 1966 жылдан «Коммунизм нұры» газетінде қызмет атқарған.
- «Алғашқы ән» (1969),
- «Тұлпардың дүбірі» (1971),
- «Қайсар» (1979),
- «Тайталас» (1987) әңгімелер жинағы,
- «Нар тәуекел» (1975) романы,
- «Берлинді алған батырлар» (1977),
- «Қайнар бұлақ» (1984) прозалары жарық көрген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>