Мәди Төстембекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мәди Төстембекұлы (1879 - е. ж. б.) - бұрынғы Семей уезі, Айғыржал болысының адамы, кейін Павлодар облысы, Бесқарағай ауданының Беген ауылында тұрған. Абайдың қайын жұрты Тіленші балалары - Тоқсанбай, Алшынбай, Бердіболса, ақынның бәйбішесі Ділдә - Алшынбайдың Тұсібінің қызы, ал Мәдидің шешесі - Бердінің қызы. Мәди нағашыларының аулымен аралас өсіп, Абай шығармаларын көшіріп алып, жаттап өскен.

Мәди 1951 ж. Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық қорық музейіне ақынның бұрын белгісіз «Бітіспес іске туыппыз...», «Лашынмен шымшық», «Бүркіт сыны» деген өлеңдерін тапсырған.

Дегенмен, бұл өлеңдердің ақынның төл шығармалары екендігі өлі дейекті дәлелдеуді қажет етеді. Ақын музейінде бұлармен қатар Мәдидің естелігі де сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub