Мәден Махметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мәден Махметов (1921-1968) партия-кеңес қызметкері. Қарқаралының түлегі. Қарқаралы зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын, Киев артиллерия училищесін, ҚОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1941 ж. Қарағанды облыстық комсомол комитетінде бастаған. Ұлы Отан соғысына катысқан. 1947-1968 ж. аралығында Қарағанды облыстық партия комитегінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Жаңаарка аудандық партия комитетінің 2-, 1-хатшысы, Қазақстан КП ОК жауапты ұйымдастырушысы, Жамбыл облыстык атқару комитегінің төрағасы, Қу аудандық атқару комитетінің төрағасы, облыстық жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, «Қарағандыкөмірқұрылыс» тресі басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарған. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала