Мәдениет және демалыс паркі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәдениет және демалыс паркі, Көкшетау қаласында Абай, Куйбышев және Құдайбердиев көшелері аралығында, шағын көлемді (3,0 – 3,5 га) парк ескі қалалық бақтың орнында орналасқан. Аллеяның орта тұсында Азамат соғысында қаза болған жерлестеріне және В.И. Ленинге ескерткіш орнатылған. Көгалдандыру мақсатында жергілікті қыл-қанжапырақты ағаштар мен сәндік бұта-ағаштар отырғызылған. Кірпіштен жасалған ескі қақпалар безендендіріліп жасалған қақпалармен ауыстырылды. Паркке кіре берісінде Абылай хан ескерткіші орнатылған.
Дереккөздер</span>
«Ақмола облысы» энциклопедиясы