Мәдениет Сейітжанұлы Ешекеев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Мәдениет Сейітжанұлы Ешекеев (16 наурыз 1936, Бородулиха ауылы, Бородулиха ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО2 тамыз 1997, Семей) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1987; 1981 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).

Өмірбаяны

Найман тайпасының Қаратай руынан.

  • 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Семей облысы филармониясының әншісі болды.

Ешекеев — дәстүрлі халық әндерін өз ерекшелігімен, аса шебер орындаушы, Ж.Елебековтің алғашқы шәкірттерінің бірі. Оның репертуарынан қазақ халық әндерімен бірге Біржан салдың, Ақан серінің, Абайдың, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, т.б. халық композиторларының әндері кең орын алды. Әсіресе, Ешекеевтің өзіне ғана тән әншілік мәнерін айқын танытатын, оның ерекше нақыс-бояумен орындайтын әндері қатарына Кенен ӘзірбаевтыңБозторғайы”, Әсеттің “Інжу-Маржаны”, Балуан ШолақтыңҒалиясы”, халық әндері “Сұржекей” мен “Аққұм” және М.Ержановтың “Паровоз”, Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әндері жатады. Оның орындауындағы бірқатар әндер Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынды. Ешекеевтің орындаушылық дәстүрін мейлінше дәл сақтап, жалғастырушы шәкірттері — Т.Сембаев, Т.Рахимов, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті