Мұқышев Бекболат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқышев Бекболат Бапанұлы (1940 жылы туған, Сілеті ауданы Бестөбе кенті) – заңгер. КСРО және ҚР ІІМ-нің еңбегін сіңірген қызметкері. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, КСРО ІІМ-нің академиясын бітірген. Милиция ген.-майоры (1995). Еңбек жолын 1958 жылы шахтер болып бастаған. «Бестөбе» кен орнында электровоз жүргізушісі болған. Бестөбе кенттік милиция бөлімінде шұғыл іздестіру бөлімінің қызметкері, аға қызметкері (1964 – 70), Қорғалжын ауданы Ішкі істер бөлімінде (АІІБ) қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы (1970 – 74), Шортанды АІІБ бастығының орынбасары, бастығы (1974 – 80), академия тыңдаушысы (1980 – 82), Целиноград облыстық атқару комитеті ІІБ қылмысты іздестіру бөлімі бастығының орынбасары, бастығы (1982 – 85), Торғай облыстық атқару комитеті ІІБ-ның бастығының орынбасары (1985 – 88), Орал облыстық атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары (1988 – 92), Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның бастығы (1992 – 97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан зейнеткерлік демалыста. 2002 жылдан «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қорының Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының директоры. ҚР Ішкі істер әскері және Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. 13 медальмен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұқышев Бекболат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}