Мұқтағанова Фатима Төремұратқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқтағанова Фатима Төремұратқызы - 1941 жылы Ресей жеріндегі Челябі облысында Бреды қонысында дүниеге келген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1968 жылы Алматы политехникумын жоспарлау мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1975 жылы "Қайнар" баспасына техникалық редактор болып орналасқан. 1987 жылы мекеменің өндірістік бөліміне инженер-технолог қызметіне жоғарылатылады. Ф.Мұктағанова осы жұмысты 1996 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанга шейін абыроймен аткарады. Ол полиграфиялық-баспагерлік жұмыстардың шығыны мен бағасын анықтаудың білгір маманы, есепші-жоспаршы ретінде көзге түсті. Ф.Мұқтағанова "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}