Мұқаш Мысаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұқаш Мысаев (1928 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – мұнайшы. 1954 – 1988 жылдары Түбіжік мұнай барлау кәсіпшілігінде бұрғылау қондырғыларының моторисі, бұрғылаушының көмекшісі. «Маңғыстаумұнайгеологбарлау» тресіне қарасты геология барлау экспедициясында бұрғылаушы, бұрғылау мастері, Оңтүстік Маңғыстау мұнай барлау экспед-нда ұңғымаларды сынау кеңсесінің өндірістік жабдықтау базасының бастығы, тұрғын-үй коммуналдық шаруа бөлімінің бастығы болды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1978) марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>