Мұқан (Мықан) Балтекейұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқан (Мықан) Балтекейұлы [1873, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарысу ауылы (кей деректе Шиелі ауданы Телікөл ауылы) – 1916, Ташкент] – айтыс ақыны. Ауыл молдасынан хат танып, Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде білім алған. Оның өсиет үлгісіндегі жырлары адамгершілік парасатқа, ұстамдылыққа шақырды. «Ақ сұңқар орнына, Қарға қонып жай алды. Парамен болыс болғандар, Білмейді халықты аяуды» деп кезеңінің кеселін ауыр сынға алды. Ол өлеңдерін шығыстық ғазал үлгісінде жазды. «Ажалмен құтылмайсың қашқаныңмен» деп ақын дүниенің баянсыздығын сопылық поэзия үлгісінде өрнектеді. Оның Нұралымен айтысы, Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіптің айтысына арналған аралық сөзі сақталған. Ақынның «Есенқабыл, Есенбақ батырға» толғауы эпика жанрындағы құнды дүние. Мұқан мұрасын А.Тоқмағанбетов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жармұхамедов, Ж.Әлмашұлы секілді ғалымдар зерттеді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> "Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}