Мұқаметқали Жексенбекұлы Табанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқаметқали Жексенбекұлы Табанов (15.5.1907, Алматы облысы Аксу ауданы - 5.8.1986, Тараз қ.) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1951). 1928 - 30 ж. бұрынғы Жамбылдағы (казіргіЛуговойдағы)малдәрігерлік технйкумында оқыды. 1934 - 37 ж. Қазақ академиялық драма театрында актер болды. 1937 жылдан өмірінің соңына дейін Жамбыл облысы драма театрында қызмет етті. Рольдері: Жантық, Қоңқай (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Корпеш - Баян сұлу" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Жарас (Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Қожантай (С.Мүқановтың "Ботагөзі" бойынпіа), Сабатай, Әлен (Ш.Құсайыновтың "Кеше мен бүгін" және "Тоты-Тәмилласында"), Михеев (М.А. Шолоховтың "Тынық Доны" бойынша), т.б. 1936 ж. Мәскеу қаласында откен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1966 және 1976 ж. Жамбыл облыстық драма театрының труппасымен Алматы қ-нда өнер көрсетті. 1969 ж. "Қараш-Қараш" фильміне қатысып, Қайранбай ролінде ойнады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}