Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары – мұғалімдер мен білім беру саласындағы басқа да қызметкердің кәсіби біліктілігін жетілдірумен айналысатын әдістемелік мекемелер. Оның міндеттері: озық педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату; білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары оқу жылының ішінде қысқа мерзімдік курстар, практикумдар, семинарлар, ал жазғы демалыс кезінде мұғалімдерге, мектеп және оқу орындарының басшыларына, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырады. Сондай-ақ ғылыми-педагогикалық, әдістемелік материалдар мен жинақтар шығарады.

Дереккөздер

“Қазақ энциклопедиясы – VI том”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}