Мұғалжар металлогения аймағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұғалжар металлогения аймағы – Мұғалжар өңірінде кентасты және бейкентасты кендер орналасқан аймақ. Ақтөбе облысы жерінде Орал металлогендік белдеудің оңтүстік жалғасы болып саналады. Соңғы геология-геофизика деректер бойынша байкал қатпарлығы кезінде Орталық Орал терең жарылысы Орал тауын батыс және шығыс бөліктерге бөлген. Кембрийге дейінгі кезеңнен бастап осы бөліктердің әрқайсысы түрліше геотектоникалық режимде дамыған. Оралдың миогеосинклинальдық батыс бөлігі Шығыс Еуропа платформасымен байланысты болып, онымен бірге архей-төменгі протерозойлық іргетас құрады. Оралдың эвгеосинклинальдық шығыс бөлігі байкал, каледон, герцин қатпарлықтарына ұшырады. Бұл қатпарлықтар күшті магматизмнің дамуына және көптеген эндогендік кентастардың қалыптасу процестеріне қолайлы әсерін тигізді. Нәтижесінде Мұғалжардың эвгеосинклинальдық бөлігі батыстан шығысқа қарай синклинорийлік Сакмар, антиклинорийлік Ор-Елек, синклинорийлік Жасыл тасты, антиклинорийлік Шығыс Мұғалжар, синклинорийлік Ырғыз құрылымдық, формацияларына (металлоген. белдемдерге) бөлінді. Аталған белдемдер бір-бірімен терең жарылыстар арқылы ұштасады. Антиклинорийлік және синклинорийлік белдемдерде байқалған алмасулар жер қыртысының жақпарлы-блокты құрылысының тікелей көрсеткіші ретінде танылады. Синклинорийлік белдемдерде қара металдар, мыс, алтын; антиклинорийлік белдемдерде сирек металдар мен алтын кендері басым келеді. Шығыс Мұғалжар белдемінің кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінде кездесетін антофиллит-асбестің, графиттің, мусковиттің, тау хрусталінің кендері амфиболиттік фацияның аймақтық метаморфизмімен байланысады.

Дереккөздер

“Қазақ энциклопедиясы – VI том”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұғалжар металлогения аймағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}