Мұхтар Қазыбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтар Қазыбек (24.1.1951 ж. т., Түлкібас ауданы) – зерттеуші-ғалым, баспагер. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері (1990, 1991), КСРО баспа ісінің үздігі (1990).

Өмірбаяны

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1973).
Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған.
1976 – 2000 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, Республикалық «Санат» баспасының бас редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасының директоры болды.
2001 жылдан М.Х. Дулат атындағы қоғамдық қордың директоры.

Еңбектері

Б.Момышұлының архивінен алынған «Қанмен жазылған кітабын» (1991) аударып, баспадан шығарды.
Қазақ тарихының атасы М.Х. Дулаттың 1999 жылы 500 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуіне байланысты, той шараларын Үндістан елінде өткізу үшін Қазақстан делегациясын ұйымдастырып, Тараз жерінің топырағын Кашмирде жерленген Дулат қабіріне апарып салып, бабамыздың қабірінен алынған бір уыс топырақты Тараз жеріне алып келу рәсіміне қатысты.
Ұлы ғалымның классикалық «Тарих-и Рашиди» атты әдеби-мемуарлық шығармасын қазақ тіліне аударды (2003).
Т.Рысқұлов туралы Ғ.Маймақовпен бірге «Құпия кеңестер» атты ғылыми-зерттеу еңбегін жазды.
Алматыдағы ғ137,115 қазақ мектептерін, ғ129 балабақшасын ашуға ат салысты. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхтар Қазыбек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}