Мұхтар Сұлтанбекұлы Сәбидолданов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мұхтар Сұлтанбекұлы Сәбидолданов (23 маусым 1967, Зайсан, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор<ref>Үлгі:Cite web</ref>, Қазақстан Республикасы Шекара қызметі директорының орынбасары (2013 жылдан бастап).
Өмірбаяны
1967 жылы 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген.
1991 жылы М.В. Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2005 жылы — Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті бітірген.
Взвод командирі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі басшысының орынбасары, автомобиль және құрышты танк қызметі басшысы, жасақ басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары, Аймақтық басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары қызметін атқарады.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
- Мерейтойлық медалдар
- Ұзақ қызметіне орай медалдар
- «Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесіне 20 жыл» мерекелік медалі (ТМД)