Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков 1976 жылы 19 наурызда Шымкент облысы Мақтаарал аудананы Абай ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ділдәбеков Қобланбек, зейнеткер ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Анасы - Бекжігітова Гүлімхан, зейнеткер, ұстаз болып жұмыс істеген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін (1998), жаттықтырушы-оқытушы; Х.А. Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (2002) бітірген, заңгер.

  • 2000 жылдан - облыстық Жоғары спорт шеберлігі кешенді спорт мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушысы.
  • 2007 жылдан бері - ОҚО ОРБЖМ директоры. Азия ойындарының чемпионы (Бангкок, 1998); Әлем

чемпионатының (Хьюстон, 1999), Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың (2000), I Африка-Азия ойындарының (2003) күміс жүлдегері; Азия Чемпионатының (Филиппин, 2004) қола жүлдегері. Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). «Парасат» орденімен, «Ерен еңбөгі үшін» медалімен (2000) марапатталған. Мақтаарал ауданы мен ОҚО-ның Құрметті азаматы (2006).

  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев.
  • Үйленген. Жұбайы - Ділдәбекова Жанар (1982 ж. т.).
  • Қыздары - Қобланбек Жангүлім Мұхтарханқызы (2006 жылы туған ), Қобланбек Сұлухан Мұхтарханқызы (2008 жылы туған ); ұлы - Қобланбек Батырхан Мұхтарханұлы (2009 жылы туған ).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub