Мұхтархан Сәдуақасұлы Манап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхтархан Сәдуақасұлы Манап - 1943 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сары-Өлең ауылында туған. Қазақ. КСРО Мемлекеттік академиялық Ленин орденді Кіші театры жанындағы М.С. Щепкин атындағы театр училищесінің актерлік факультетін бітірген (1972), кино және театр актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1958 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Күршім қой-кеңшарында жұмысшы. 1962 жылдан 1968 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы КОКП XXII съезі атындағы кеңшарында жұмысшы, жүргізуші. 1962-1965 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдан - С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған облыстық қазақ музыкалық-театрының актері (бұрынғы - Торғай облыстық қазақ музыкалық-драма театры). 1990 жылдан - «Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық- драма театрының» МҚКК әртісі. 2005 жылдан бері - Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры. КСРО Театр қайраткерлері одағының (1992 жылға дейін), Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1978). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет грамотасымен марапатталған (1975). ҚазКСР Құрмет кітабына алтын әріптермен енгізілген (1976). Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуші бай ел». Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - О. Хайям, Фирдоуси, Рудаки, Низами Гянджеви, А. Құнанбаев, Құдайбердиев, М. Мақатаев. Үйленген. Жұбайы - Манап Сәния Қабдырахманқызы, зейнеткер. Қызы - Раушан (1970 ж. т.), ұлдары - Дәурен (1973 ж. т.), Дәмір (1986 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub