Мұхит шөгінділері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхит шөгінділері (Океанические осадки) — қазіргі мұхит түбіндегі елі тау жынысына айнала қоймаған шөгінді және жанартаулық-шөгінді құрылымдар.

Жалпы мәліметтер

Теңіз шөгінділерінен өзгешелігі - терригендік материалдың қатысы аз, биогендік процестердің рөлі басым және шөгінді жиналу процесі баяу. Терригендік мұхит шөгінділеріне құрлықтың шайылу өнімдері - өзендер ағызып әкелген жүзбе тасындылар, мұхит жағалауының бұзылуынан пайда болған өнімдер (абразия) жатады. Органогенді (биогенді) Мұхит шөгінділері суда тіршілік ететін планктон ағзаларының өлген қалдықтарынан (қаңқалары, қабықтары және т.б.) құралады. Бұлармен қатар Мұхит шөгінділері құрамына (аз мөлшерде) эолдық (құрлықтан желмен әкелінген), пирокластикалык (жанартаулық), хемогендік әр түрлі тасберіштер (конкрециялар) және мұхитқа ғарыш кеңістігінен келіп түскен шаңтозаң мен магниттік түйірлерден тұратын ғарыштық материалдар кіреді. Дүниежүзілік мұхитқа өзендер арқылы әр жыл сайын шамамен 16 млрд тонна тасынды әкелінеді. Желдер мен жанартаудан болатын шөгінділер шамамен 2 млрд тонна, ал ғарыштық материалдардан болатын шөгінділер жылына 10 млн тонна болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхит шөгінділері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}