Мұханбетқали Сейтқазинов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұханбетқали Сейтқазинов (1956 ж. т), айтыскер ақын. Ұлытаудың түлегі. Жезқазған педогогикалық институтын бітірген (1981). Орта мектеп мұғалімі, ұжымшар ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ауыл әкімі қызметтерін атқарды. Ұлытау ауданы әкімінің аппаратында бөлім меңгерушісі болды. 1989 ж. Алматыда өткен Наурыз айтысының, 1990 ж. Қазақстанның 70 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласындағы Орынбай ақынның, Орал қаласындағы Мұхиттың, Ақмола қалансындағы Бөгенбай батырдың, Жаңаарқада өткен Сайдалы Сара Тоқаның және С. Сейфуллиннің 100 жылдығ ы мерейтойына арналған республикалық айтыстардың жүлдегері. Бір топ өлеңдері «Сарыарқа саздары» атты облыс ақындарының жинағына енген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала