Мұхаммед ән-Насауи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхаммед ән-Насауи

МҰХАММЕД ән-НАСАУИ, Шихаб әд-Дин Мұхаммад ибн Ахмад (т. ж. б., Хорасан – 1249, Халеба) – араб тілді Хорезм тарихшысы. Шыңғыс хан әулеті Хорасанға келгенге (1220) дейінгі Мұхаммед ән-Насауидің өмірі жайлы дерек жоқ. 1224 – 1231 жылы Хорезмнің соңғы шаһы Жалел әд-Диннің сарайында хатшы болды әрі шаһтың өмірбаянын жазумен шұғылданды. 1231 – 1235 жылы Айюб әулетінің өкілі Мәлік әл Мұзаффар Шихат әд-Диннің қол астында істеді. 1235 жылы парсы тілінде өз басынан кешкен оқиғалары жөнінде “Нафсет ол-Масдур” еңбегін жазды. Бұдан соң Халеба қаласының билеушісіне қызмет етіп, бірнеше рет елші ретінде моңғолдарға барды. Орта Азия мен Қазақстанның, Кавказ, Таяу Шығыс елдерінің, Хорезм шаһтарының тарихы туралы аса құнды деректердің бірі болып саналатын “Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгуберти” (“Сират ас Сұлтан Жалел әд-Дин Менгубертидің өмірі жайлы сипаттама”) атты шығарма жазған. Бұл еңбекте сол кезеңдегі Хорезмнің ішкі және сыртқы істері, қыпшақтармен қатынастары, сондай-ақ қыпшақ қоғамының ішкі құрылымы туралы бірқатар деректер көрсетілген.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Мұхаммед ән-Насауи

Дереккөздер

<references/> 1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхаммед ән-Насауи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}