Мұхаммед әл-Женди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхаммед әл-Женди (туған-өлген жылы белгісіз) – діни ғұлама. Жент қаласында дүниеге келген. Тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты әулетімен қазіргі Түркия жеріне қоныс аударған. Түрік зерттеушісі Садр әд-Дин Мұхаммед бин Исхақ әл Кунауидің «Иғджаз әл-байан фи шарх бағд асрар умм әл-Куран» («Құранның кей құпия тұстарына жасалған түсіндірмесін мазмұндау») атты еңбегін автордың көзі тірісінде көшіріп шыққан. Құранның беташар сүресіне («Құран анасы» деп аталатын әл-Фатиха сүресі) арналған әл-Кунауи тәпсірі ойының айқындығымен, сөйлемдерінің ықшамдығымен, дәйектемелерінің дәлдігімен ерекшеленді. Мұхаммед әл-Женди көшірмесі Ташкенттің Қолжазба институты қорында сақтаулы.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхаммед әл-Женди|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}