Мұхамеджан Ноғайұлы Ерлепесов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамеджан Ноғайұлы Ерлепесов (30.12.1911, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы – 10.9.1987, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығының ғылым докторы (1966), профессор (1968), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1960). Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Қазақ аймақтық тәжірибе ст-нда ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директоры (1935–41), Қазақстан КП ОК-нде ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1942–52), Оңтүстік Қазақстан обкомының 1-хатшысы, Алматы селекциялық-тәжірибе ст-ның директоры (1952–59), Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының директоры әрі бөлім меңгерушісі (1959–75), ал 1975 жылдан өмірінің соңына дейін осы институтта кеңесші қызметтерін атқарған. «Культура кукурузы в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері суғармалы егіншілік пен өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Ол жүгері, қоза, қант қызылшасы, т.б. дақылдар селекциясы мен олардың тұқымын өсіріп, агротехникасын жетілдіру жұмыстарымен шұғылданды және егіншілік саласындағы озат тәжірибені қорытып, насихаттау жұмысын жүргізген. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-, 3-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұхамеджан Ноғайұлы Ерлепесов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}