Мұхамеджанов Шәміл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұхамеджанов Шәміл (1931 -1980) - Бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында туған. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

"Жұлдыз" журналында, көп жыл бойы "Жазушы" баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың "Жас қанат" жинағында 1959 жылы басылды. Бұдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді.

Аударма саласында М.Лермонтовтын, Я.Райнестің, Л.Украинканың, Т.Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т.б. шыгармаларын тәржімалауға қатысты.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}