Мұстафина Әсия Мұстафақызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсия Мұстафина (24.4. 1924, Сырдария ауданы – 14.11. 1991, Алматы) – кен инженері, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1971), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1972). Қазақ тау-кен металлургия институтын (ҚазҰТУ) бітірген (1948). Кемпірсай кен басқармасында (1948 – 50), Өзбекстан ҒА-нда (1950 – 51), «Қазақмелиовзрыв» өндірістік-техника бөлімінде (1951 – 52), Қазақстан ҒА-нда (1952 – 54, 1955 – 87), Кеңес – Қытай акционерлік қоғамында (1954 – 55) инженер, ғылыми-басшылық қызметтер атқарды. Мұстафинаның ғылыми еңбектері кен ашу жұмыстарында жаппай қопару әдістерін қолдану, шарошкалы бұрғылаудың технологиясын жетілдіру, кенді ашық әдіспен қазу жүйелерін талдау және кеніштерді автоматтандырылған басқару жүйелері арқылы пайдалану мәселелеріне арналған. Бишікөл, Әйет, Лисаков, Жезқазған кеніштерінде ашық тау-кен жұмыстарын дамыту және қолдану аясын кеңейту, Соколов кенішінде кен қазу технологиясын жетілдіру жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соколов және Сарыбай кеніштерінде экскаватор үңгубеттерінің оңтайлы параметрлерін анықтау арқылы экскаваторлар мен өздігінен аударғыш машиналарды тиімді пайдаланудың ішкі көздерін тауып, «экскаватор – автокөлік – үйінді» кешенді жұмыстарының толық өзара байланысын анықтап, экон. тиімді сұлбасын ұсынды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұстафина Әсия Мұстафақызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}