Мұса Сүлейменұлы Бесбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұса Сүлейменұлы Бесбаев<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref> (3 наурыз 1928 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Шоңғай ауылында туған) – қоғам қайраткері, тарих ғылымының докторы (1983 жылы), профессор (1984 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетті (1950 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) бітірген. 195369 жылдары Алматы Зоотехника-Малдәрігерлік институтында және КСРО ІІМ-нің жоғары мектебінде (Алматы қаласы) доцент, 196984 жылдары Қазақстан КП ОК-нің жауапты қызметкері. 1984–87 жылдары Целиноград педагогика институтының (қазіргі Еуразия ұлттық университеті) ректоры, 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебі|Алматы жоғары партия мектебінің профессор қызметтерін атқарған. 1987 жылдан Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының ректоры. «Деятельность коммунистической партии Казахстана по интернационалисткому воспитанию трудящихся в условиях развитого социализма» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми еңбектері ұлт саясатының мәселелерін зерттеуге арналған. 100-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2003 жылы).<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Сілтемелер

[1]Үлгі:Deadlink Алматы Қаласы Жетісу Ауданы Әкімі Аппаратының Сайты

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub