Мұса Мырзағұлұлы Асайынов
Мұса Мырзағұлұлы Асайынов (1929 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Өскен а. — 1975, Көкшетау қ.) — ақын, әнші. Суырып салма өнерінің шебері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1974).
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.<ref>https://adebiportal.kz/kz/news/view/21770</ref> Халықтың салт-дәстүрін, айтыс өнерін, халық әндерінің орындалу мәнерін насихаттаушы. Көкшетау қаласынндағы мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеген. Бала кезінен өлең шығарған. Облыстық айтыстарға (1943 — 64) қатысқан. Қазақстанның 50-жылдығы, Ж.Жабаевтың 125 жылдығына арналған айтыстарда Е. Әлібаев, Б. Тісенбаевамен болған айтыстары «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» кітаптарына енді.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>