Мұсаев Кеңесбай Мұсаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңесбай Мұсаұлы Мұсаев (24.3.1931 жылы туған, Созақ ауданы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессоры (1972), ҚР ҰҒА академигі (2003), «Түрік тілі» ұйымының құрметті мүшесі. Түркістан педагогикалық училищесін (1947), ҚазМУ-дың филология факультетін (1952), Тіл білімі институтының аспирантурасын (1956) бітірген. «Қарайым тілінің құрылымы» (1963) тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қарайым тілінің фонетикасы мен морфологиясын жүйелі түрде қамтыған еңбегі «Қарайым тілінің грамматикасы» (1964) деген атпен жарық көрді. Онда Литва мен Украинада тұратын қарайымдардың тілдері туралы деректер жинап, тракай, галиция диалектілері жайында жазды. Мұсаев қыпшақ тобындағы тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеп, әліпби, лексика және орфография мәселелерімен айналысып келеді. Қазіргі кезде Орталық Еуразияда түркі тілдері, олардың тілдік, мәдени байланыстары туралы еңбектер жазып жүр.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шығармашылығы:

  • Грамматика караимского языка. Фонетика и морфология, М., 1964;
  • Лексика тюрских языков в сравнительном освящении, М., 1975;
  • Краткий грамматический очерк караимского языка, М., 1977;
  • Тюрки Центральной Евразии: контакты языков и культур // Актуальные проблемы современной тюркологии и ее задачи на перспективу. І международный тюркологический конгресс, Түркістан, 2002.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
  • О глагольно-именных конструкциях в современном казахском языке. АКД., М., 1956;
  • Алфавиты языков народов СССР. М., 1965;<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}