Мұсабек Байзақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұсабек Байзақұлы, Молда Мұса (1894, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында Шоқтас ауылында - 1932, сонда) - ақын. Түркістандағы, Қарнақтағы медреселерде оқыған. "Октябрьдің 14 жылдығына", "Ащысай", "Табиғат тамашаларында", "Насихат", "Харакетке жаратқан адамзатты", "Тышқан мен түйе", "Семірген есек" өлеңдері, "Қос сұңқар" термелері, "Опасыз жар", "Сұлу әйел мен молда", "Ұры мен жолбарыс" дастандары бар. Орыс ақыны И.Крылов мысалдарын ("Адамменен аюдың достығы") қазақ тіліне аударған. Байзақұлының ақындық даңқын мәшһүр еткен оның Манат қызбен айтысы. Екеуі әуелі хат арқылы, соңынан жүзбе-жүз кездесіп, ауызша айтысқан. Ақын Бұдабаймен де айтысқан ("Айтыс", 1-том, 1965). Ақын шығармашылығы туралы "Қазақ әдебиетінің тарихында" (И т, 2-кітап, 1964) мағлұмат беріледі.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}