Мұрат Әзімбекұлы Тілешев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:ФутболшыМұрат Әзімбекұлы ТілешевҚазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы. 1980 жылы сәуірдің 12-сі күні Тараз қаласында дүниеге келген. Қазіргі күні "Шахтер" (Қарағанды) клубының спорттық директоры.

Карьерасы

1998 жылы "Тараз" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2000 жылы "Шахтерға", сосын Астананың "Жеңіс" клубына ауысып, Қазақстан чемпионы атанды.

2001 жылғы маусымда қайтадан "Шахтерға" оралды.

2003 жылы "Ертіске" ауысып, үш маусым ойнады. Осы аралықта, яғни 2004 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақыртылды. Чемпионаттағы өте нәтижелі ойындарына қарамастан (2008, 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды), 2008 жылы құрамаға Бернд Шторк бас бапкер боп келген соң Мұрат құрамаға мүлде шақырылған жоқ.

Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырды. 2010 жылы "Ақтөбе" сапында жүріп, өзінің Қазақстан чемпионатындағы 130-шы голын соқты.

2016 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап карьерасын аяқтады. 18 жылдық карьерасында Қазақстан чемпионаттарында 148 гол соқты. Бұл Нұрбол Жұмасқалиевтен кейінгі екінші көрсеткіш.

Статистикасы

Маусым Клуб Ел Лига Деңгей Ойындар Голдар
1998 Тараз ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 18 3
1999 Тараз ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 21 6
2000 Жеңіс ФК/Шахтер ФК (Қарағанды) Үлгі:KAZ Премьер лига 1 16 93
2001 Астана ФК/Шахтер ФК (Қарағанды) Үлгі:KAZ Премьер лига 1 17 3
2002 Шахтер ФК (Қарағанды) Үлгі:KAZ Премьер лига 1 23 13
2003 Ертіс ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 22 10
2004 Ертіс ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 30 12
2005 Ертіс ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 23 20
2006 Ертіс ФК/Астана ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 27 12
2007 Ордабасы ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 21 6
2008 Ертіс ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 25 13
2009 Ақтөбе ФК Үлгі:KAZ Премьер лига 1 25 20
Барлығы 268 121

Жетістіктері

Сілтемелер