Мұрат Құралұлы Шалабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Құралұлы Шалабаев (1.4.1960 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылы) - әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі. 1984 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Әкесі - Шалабаев Құрал, марқұм. Анасы - Смағұлова Бүбира, зейнеткер. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының, «Соло ән айту» мамандығы бойынша профессор Б.Б. Жылысбаевтың класын бітірген. Тенор. Сол жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының құрамына қабылданады. Ол Ленский (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Біржан (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында"), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Альфред(Дж.Вердидің "Травиатасында"), граф Адьмавива (Россинидің "Севильдік шаштаразында"),Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), т.б. партияларын орындады. Гастрольдік сапармен Мексика, Италия, Германияда, Түркияда, т.б. болып, өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген әртісі. М. Глинка атындағы Бүкілодақтық конкурстың дипломанты. А. Дворжак атындағы Дүниежүзілік сыйлықтың иегері. Үйленген. 2 ұлы бар. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub