Мұрат Хасенұлы Мұсабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Хасенұлы Мұсабаев (2.9.1937,Қарағанды.-31.12.1993, Алматы) - әнші, Қазақстанның халық артисі (1978). 1957 жылы Алматы байланыс техникумын, 1964 ж. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1962 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының әнші-солисті. Негізгі партиялары: Тарғын, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің "Ер Тарғыны"мен"Дударайында"),Жанбота (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында"), Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Садыр (Қ.Қожамияровтың "Садыр палуанында"), Елеңкий (П.И. Чайковскийдің "Қарғаның мәткесінде"), князь Игорь (А.П. Бородиннің "Князь Игорінде"), Риголетта, Жермон (Дж. Вердидің "Риголеттасы" мен "Травиатасында"), Эскамильо (Ж.Бизенің "Карменінде"). Мұсабаев конңерттік нөмірімен де кеңінен танымал. Репертуарында қазақ және шет ел композиторларының ән-романстары бар. Гастрольдік сапармен Моңғолияда (1966), Германияда (1986), Канадада (1967), Бат. Берлинде (1968), Швейцарияда (1982), Швецияда (1973), Финляндияда (1985), т.б. елдерде болды. 1965 жылдан Алматы консерваториясында қызметпен (1979 жылдан) шұғылданды. М.И. Глинка атындағы Бүкілодақтық әншілер байқауының (1968) лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}