Мұрат Спанқұлұлы Іргебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Спанқулұлы Іргебаев - 1949 жылы 17 маусымда Ақмола қаласында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1971), ғалым-агроном, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты (1987). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ет өндірісінің тиімділігі». «Қазақстанның Тың аймағының агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы» кітабының (1987) тең авторы, 40-тан астам мақаланың авторы. Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан).

  • 1971 жылдан - Торғай облысы Арқалық ауданының «Целинный» кеңшарында еңбек және еңбекақы жөніндегі экономист; 1972 жылдан - бас экономист.
  • 1974 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылық институтының экономикалық кибернетика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы; 1978 жылдан - экономика факультеті деканының орынбасары; 1980 жылдан - экономикалық кибернетика кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1983 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылық институтының саяси экономия кафедрасының аспиранты; 1985 жылдан - агроөнеркәсіп кешені экономикасы кафедрасының ассистенті; 1986 жылдан - агроөнеркәсіп кешені экономикасы кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясы Целиноград обкомының Саяси оқу үйінің кеңесшісі.
  • 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясының Целиноград обкомының насихат және үгіт бөлімінің дәріскері.
  • 1991 жылдан - Целиноград мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің талдау, ақпарат, болжау және жарнама бөлімінің бас экономисі, төрағасының орынбасары - жекешелендіру бөлімінің бастығы; 1992 жылдан - төрағасының бірінші орынбасары.
  • 1995 жылдан - Ақмола мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 1997 жылдан - Ақмола облысының Шағын кәсіпкерлікті қолдау департаментінің директоры.
  • 1998 жылдан - Ақмола облысының Әкімі аппаратының сараптау-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
  • 1999 жылдан - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары; Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі.
  • 2000 жылдан - Астана қаласы әкімі аппаратының энергетика және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі; 2001 жылдан - бюджет-қаржы мониторингі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің меңгерушісі.
  • 2004 жылдан - «Астана қаласының Табиғатты қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде басқару» ББ бастығының орынбасары.
  • 2005 жылдан - Астана қаласының Табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану бастығының орынбасары, 2008 жылдан бері - бастығы. Астана қаласының Қоғамдық экологиялық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Халыққа қызмет ету». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағынан орнықты даму».
Хоббиі - шахмат.

Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер. Үйленген. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub