Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев (12 сәуір 1966, Қызылорда)<ref>Ергешбаев Мурат Нальхожаевич. online.zakon.kz</ref> — қазақстандық саясаткер, экономист, 2026 жылдан бастап Қызылорда облысының әкімі.

Мұрат Ергешбаев бұрын Парламент Мәжілісінің VIII сайланым депутаты (2023–2026), Сырдария ауданының (2021–2023) және Қызылорда қаласының (2008–2010) әкімі болған.

Өмірбаяны

Мұрат Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылордада дүниеге келген.

1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген, мамандығы — экономист.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жамбыл кеңшарының экономисі болып бастаған. 1990 жылдан бастап ол — Қызылорда облысы Сырдария аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің экономисі, экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы.

1993 жылдан бастап ол — Қызылорда қаласы «Қазақстан Әлем-Банкі» басқармасының несиелік маманы, несие бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1996–1998 жылдары — Қызылорда облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың кеңесшісі, 1998–2001 жылдары — Қызылорда облысы Халық банкі филиалының директоры.

2002–2004 жылдары Қызылорда облыстық Еңбек, халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, 2004–2006 жылдары Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы, 2006–2008 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.

2008–2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болды.

2010–2011 жылдары ол Қызылорда облысы қаржы басқармасын басқарды.

2011–2014 жылдары Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі болды.

2014–2015 жылдары ол Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, 2015–2017 жылдары «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы болды.

2017 жылғы маусым – қазан айларында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды. 2017–2021 жылдары ол Қазалы ауданының әкімі болса,<ref>Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы. www.gov.kz</ref> 2021 жылдан бастап — Сырдария ауданының әкімі.<ref>Сырдария ауданының әкімі ауысты. aqmeshit-aptalygy.kz</ref>

2023 жылы Мәжiлiс депутаты болып сайланды.<ref>Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды</ref>

2026 жылғы 8 мамыр күні Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.<ref>М.Н. Ергешбаевты тағайындау туралы</ref>

Марапаттары

Отбасы жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Мүсілімова Гүлшат Әлиқызы. Балалары - Нәлқожа Шынәлі, Нәлқожа Нұрәлі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Navigation with columns