Мұрат Мағазұлы Толыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Мағазұлы Толыбаев10.5.1904, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 2.8.1967, Алматы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966). Әншілік өнерге баулыған үлкен әкесі Мұхаметәлі, кейіннен әнші Қ.Байжановтан дәріс алды. 1934 жылдан Қазақ музыка драма театрында (қазіргі Қазақ академия опера және балет театры) қызмет етті. Алғаш ойнаған ролі - Маман бай (М.Әуезов пен И.В. Коцыктың "Айман - Шолпан" музыка драмасында). Толыбаев қазақ операларындағы басты партияларды орындап, түрлі мінезді музыка образдар жасады. Олар: Сайым, Қожақ, Орыс көпесі (Е.Г. Брусиловскийдің "Жалбыр", "Ер Тарғын" және "Дударайында"), Сырттан (А.Жүбанов пен Л.А. Хамидидің "Абайында"), Шернияз (А.А. Зильбердің "Берекетінде"), т.б. Сондай-ақ, халық әндерін де ("Ардақ", "Шама", т.б.) халық арасына кеңінен насихаттады. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}