Мұрат Бахтиярұлы Мұхамедов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұрат Бахтиярұлы Мұхамедов(17.6.1957, Шиелі ауданы, Балаби ауылы) – саясаттанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы. (1999), ҚазМУ (ҚазҰУ) бітірген (1986). 1986 – 1998 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, 1998 – 2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университеті Қызылорда бөлімінің директоры, 2001 жылдан Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің директоры. <ref name="Source 43">"Сыр елі энциклопедиясы"</ref> Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстанның сыртқы саясатын, оның шетелдермен қарым-қатынасын зерттеуге арналған. 40-тан астам ғылыми мақалалары, 10-нан астам оқулықтары мен монографиялары жарық көрген. Саяси және құқықтық білімдер тарихына арналған алғашқы қазақша оқулық авторларының бірі.<ref name="Source 3">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub