Мұрат Батиярұлы Мұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Батиярұлы Мұхамедов 1957 жылы 17 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бәйгеқұм ауылында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1986) тарихшы, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы мамандығы бойынша; Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің қаржы және несие факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша; қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Саяси институттар, этнопологиялық шиеленестер және саяси үдерістер мен технологиялар». Саясаттану профессоры (2006 жылдан). «Қазақстан Республикасы саясатындағы негізгі басымдылықтардың қалыптасуы» (1997), «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» (2000), «Саяси-құқықтық ілімдер тарихы» (2002), «Тәуелсіздіктің он сегіз жылдық асуы» (2009) еңбектерінің; 100-ден астам жарияланған ғылыми және әдістемелік еңбектің, оқулықтар мен мақалалардың авторы. 1977 жылдан - Алматы қаласындағы құрылыс-монтаж басқармасының жұмысшысы. 1980 жылдан - С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1986 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының тарих кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты. 1991 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының саясаттану, әлеуметтану және Қазақстан тарихы кафедрасының мең- герушісі, тарих және құқық факультетінің деканы. 1998 жылдан - Қызылорда қаласындағы қазақ гуманитарлық заң университеті филиалының директоры. 2000 жылдан - Қызылорда гуманитарлық университетінің ғылыми жетекшісі, 2001 жылдан - директоры. 2008 жылдан бері - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. Қызылорда облыстық мәслихатының 2-ші шақырылым депутаты (1999-2003). «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрағасы (2005-2008). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2006) медальдарымен; Ы. Алтынсарин белгісімен (2006) марапатталған. Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру саласының үздігі (1997). Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Л. Эрхард. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біздің Қазақстан келешекте гүлденген және демократиялық мемлекетке айналатындығына сенемін». Хоббиі - балық аулау, табиғат аясында демалу, кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және саяси тұлғалар туралы әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Алпамысова Зағипа Басықарақызы. қыздары - Мұхамедова Әйгерім Мұратқызы; Мұхамедова Еңлік Мұратқызы; Бахтиярова Ақерке Мұратқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub