Мұрат Амангелдіұлы Мансұров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұрат Амангелдіұлы Мансұров - 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ыбраев Амангелді Мансұрұлы, марқым, профессор, математик. Анасы - Жанғалиева Мария, зейнеткер, оқытушы, ҚР ҒА ҒЗИ қызметкері болған.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1983) мүсінші мамандығы бойынша; В.И. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесін (1991) «Монументалды мүсін» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2006 жылдан).

  • «Тәуелсіздік монументін» (Алматы қаласы, 1997),
  • ҚР қаржы министрлігі ғимараты алдындағы жаңа алаңдағы «Өмір ағашы» мүсіндік композицияны (2000),
  • «Қазақ елі» монументін (Астана қаласы, 2009)

- жасаушы авторлық ұжымның қатынасушысы;

- монументін жасаушы авторлық ұжымның жетекшісі (Астана қаласы, 2010).

  • ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының жанындағы «Сот әділдігі монументінің» (1998),
  • ҚазМЗУ ғимаратының жанындағы «Фемида» мүсінінің (Алматы қаласы, 2001),
  • Бас прокуратура ғимаратыныңалыдындағы «Барыстар» мүсінінің (Астана қаласы, 2002),
  • Оқушылар сарайына арналған Махамбет Өтемісұлы мүсіндік бюсінің (Астана қаласы, 2004),
  • «Думан» сауық кешенінің ықшам сәулет-сәндік пішіндер мен мүсінінің (Астана қаласы, 2005),
  • «Арай» паркіндегі ықшам сәулет пішіндер мен 16 жауынгердің мүсінінің (Астана қаласы, 2007),
  • Жаңа көпірдегі «Арқарлар» мүсінінің (Астана қаласы, 2007),
  • «Фемида» ҚазМЗУ жаңа ғимаратының алдындағы мүсіннің (Астана қаласы, 2008),
  • «Астана-Бурабай» сәулеттік композицияның (2009),
  • ҚР Еңбек сіңірген бапкері, Қазақ футболының негізін салған А.В. Хохманның барельефінің (2010) авторы.
  • «Арай» ¥лттық мейрамханалық кешенінің алдында 1-ші кинетикалық (қозғалатын) мүсін орнатқан (Астана қаласы, 2008).
  • «Джунгли» сауық кешенінің интерьерлерін сәнді безендірудің (Астана қаласы., 2006);
  • Қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражайының (Ақмола облысы Ақмол ауданы, 2007) әзірлеушісі әрі орындаушысы.

Республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы.

Жұмыстары АҚШ, Израиль, Германия, Голландия мемлекеттерінің жеке коллекцияларында сақталуда.

  • 1996 жылдан - ҚР Көркемсурет қорының бас суретшісі.
  • 2003-2007 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 2010 жылдан бөрі - «Астана қаласы Сәулет және қала салушылық басқармасы» MM «Көркесуретті құю комбинаты» МҚК директорының бірінші орынбасары.
  • «Мүсіндер паркі» Халықаралық жаңа астанаға арналған мүсін бойынша симозиумнің (Астана қаласы, 1998);
  • Түркістанның 1500 жылдығына арналған мүсін бойынша симпозиумнің (1999);
  • «Өнеркәсіптік мүсін және шағын сәулет пішіндері» 1-ші Республикалық симпозиумның (Астана қаласы, 2003),
  • Халықаралық мүсін бойынша симпозиумнің (Павлодар қаласы, 2003),
  • әлем деңгейіндегі өнертанушылар, тәлімгерлер мен мүсіншілердің тартылуымен 1-ші Халықаралық мүсін бойынша конференцияның (Астана қаласы, 2006) ұйым-

дастырушысы.

  • Астана қаласы ҚР Көркемөнер академиясының филиал директоры;
  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1992 жылдан),
  • ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі (1994 жылдан).
  • ҚР ескерткіштер мен монументтерді қабылдау ҚР Мемлекеттік комиссиясының (2008),
  • Қалалық көркем кеңесінің (Астана қаласы, 2010), Астана қаласы Суретшілер одағы басқармасының (2010 жылдан) мүшесі.
  • «Шабыт» фестивалінің лауреаты (1998).
  • «Астана» медалімен (1998),
  • ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2007) марапатталған.
  • ҚР Президенттік стипендияның иегері (1997).

Діни көзқарасы - дінге ерікті.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Еуразияның көшбасшысы».

Хоббиі - көлікті туризм, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.

Үйленген. Жұбайы - Қализатова Айман Серікбайқызы (1972 жылы туған), медицина ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы Медициналық университетінде қызмет істейді.

Қыздары - Мансұрова Әсел Мұратқызы (1987 жылы туған), Мәнсұрова Әнел Мұратқызы (1993 жылы туған), Мансұрова Меруерт Мұратқызы (2000 жылы туған);

Ұлдары - Мансұров Мақсұт Мұратұлы (2003 жылы туған), Мансұров Арлан Мұратұлы (2005 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub