Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев - 1963 жылы 15 қазанда РКФСР Омбы облысы Есілкөл ауданының Каскат ауылында туған. Қазақ. Ленин орденді С.М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1985) «Шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі және талдауы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.

  • 1981 жылдан - Ленин орденді С.М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1985 жылдан - Омбы облыстық қаржы басқармасының тексеруші-инспекторы, 1986 жылдан - аға тексеруші-инспекторы,
  • 1989 жылдан - 1-ші санатты экономисі, 1990 жылдың шілдесінен - жетекші экономисі, 1990 жылдың тамызынан - қаржы бюджеті және ақша айналымы бөлімінің жетекші экономисі, 1990 жылдың қарашасынан - агроөнеркәсіптік кешен қаржысы бөлімінің жетекші экономисі, 1992-1995 жылдары - мемлекеттік кірістер және салық саясаты бөлімінің бастығы.
  • 1998 жылдың наурызынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы-несие басқармасы бастығының орынбасары, 1998 жылдың қыркүйегінен - қаржы департаменті директорының орынбасары, 1999 жылдың наурызынан - қаржы, несие және салықтық саясат департаменті директорының орынбасары.
  • 1999 жылдың шілдесінен - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2005 жылдан - Ақмола облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, 2006 жылдан - директоры.
  • 2008 жылдың сәуірінен бері - Ақмола облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалімен марапаттаған. ҚР Президентінің алғысымен ескертілген (2001).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық.

Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub