Мұратбек Бөжеев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұратбек Бөжеев (1910 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында туған – 4 ақпан 1980 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1973 жылы).
Саратов мемлекеттік университетінде (1928–30 жылдары), Мәскеу педагог институтында (1930–32 жылдары) оқыған. Қазақ Педогогика Институтында (қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) және Қазақ Мемлекеттік Университетінде (Қазақ Ұлттық Университеті) оқытушы, профессор (1934–41 жылдары), Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші (1957–61 жылдары), аға ғылыми қызметкер (1961–80 жылдары) болып жұмыс істеді.
Бөжеевтің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ әдебиеті, қазақ фольклоры мәселелері, Абайдың ақындық мектебі. Қазақ әдебиеті тарихының 6 томдығының, М.О. Әуезовтің 12 томдық шығарма жинағының құрастырылуына және басылуына қатысып, ат салысты.«Абай Құнанбаев творчествосының идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. «Абайдың ақындық айналасы» атты зерттеу еңбегі, «Абай аудармалары», «Абайдың реализмі» т. б. ғылыми еңбектері, мақалалары - абайтану ғылымына қосылған мол үлес. Әуезов шығармашылығын зерттеуде Бөжеев жазушының 12 томдық шығармалар жинағын құрастырды. Әсіресе жазушының алғашқы еңбектерінің уақытын, бүркеншік аттарын (псевдонимдерін) анықтауда, қолжазба мұрасының араб әрпіндегі мәтіндерін қайта түзуде ерекше ықтияттылық танытты. Музей қызметкерлерімен бірге «М. О. Әуезовтің қолжазба мұрасы» («М. О. Әуезов архивінің ғылыми сипаттамасы») атты келемді еңбекті жарыққа шығарды. «М. Әуезов. Библиографиялық көрсеткіш» еңбегі (1966), «Еңлік - Кебектің» нұсқалары туралы» («Жұлдыз», 1965, №6) мақаласы жарияланды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref> <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Шығармалары
- "М.О. Әуезов туралы көрсеткіш", Алматы, 1966;
- “Абайдың ақындық айналасы“, Алматы, 1971;
- "Революцияға дейін қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар", 1807–1917 (Аннотацияланған библ. көрсеткіш), Алматы, 1978.;
Сілтемелер
- «Мұратбек Бөжеевтің еңбегіне қатысты хабар»
- «Әдебиеттанушы ғалым Мұратбек Бөжеевтің мұрасы толық зерттелмей жатыр»
- Әдебиеттанушы-ғалым Мұратбек Бөжеевке 100 жыл
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}