Мұратбеков Мұрлыбек Жұмабекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұратбеков Мұрлыбек Жұмабекұлы1952 жылы 26 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Жетіқоңыр ауылында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1969 жылы орта мектепті бітірді. ҚарМУ-ді «Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Орталық Азия университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыған.

Сарысу орта мектебінде мұғалім, №8 Жетіқоңыр орта мектебінде директор болды. 1985 жылдан Ұлытау аудандық РКК халық ағарту бөлімінің, сонымен қатар үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болды.

1996 жылы Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, ал облыс тарағаннан кейін Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

1997 жылдың желтоқсанынан Жезқазған «Полиграфия» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. Кейін «Полиграфия» ААҚ-ның президенті болды. Қазіргі кезде Жезқазған қаласындағы «Полиграфия Ер Мұра» ЖШС-нын бас

"Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған, 2002 жылы «Жезқазған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}