Мұнай сулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай сулары - жер қыртысының мұнайлы горизонтгарындағы жер асты сулары.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Мұндай сулар мұнай шоғырларына қарағанда жату (орналасу) жағдайы бойынша 4-ке бөлінеді: астыңғы контурлық (астыңғы шеттік), үстіңгі контурлық (үстіңгі шеттік), табандық және аралық сулар. Астыңғы контурлық сулар мұнайды мұнайлы қаттың төменгі, батыңқы бөлігінің астыңғы жағынан қоршап тұрады. Үстіңгі контурлық сулар жер бетіне шығып жатқан мұнайлы қаттың үстіңгі бөлігінде жатады. Табандық сулар мұнайлы қаттың төменгі бөлігінде орналасады. Аралық суларға мұнайлы қаттың ішінде жататын кеуекті қатшалардағы сулар жатады. Мұнай сулары әдетте жоғары минералдылығымен (15—20 г/дм3-ден 350— 400 г/дм3-дейін) ерекшеленеді. Олардың химиялык құрамында натрий, хлор, кейбір жерлерде кальций иондары басым болады. Басқа иондар, осіресе сульфат пен гидрокарбонат жоққа жуық. Микроэлементтердің ішінен едәуір мөлшерде йод, бром, бор, радий, барий, стронций және т.б. кейбір органикалық заттар болады. Суда еріген газдар құрамында метан, ауыр көмірсутек, биогендік азот, қүкіртті сутек болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub