Мұнай мен газ іздеудің геохимиялық әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай мен газ іздеудің геохимиялық әдістері - Мұнай, газ, немесе кен жатындары төңірегінде солардың шашыранды ореолдары қалыптасатындығына негізделген пайдалы қазбаларды іздеу әдістері. бұл әдістерге сәйкес, Мұнай (газ) кенорындарын табуды көздейтін геологиялық түсіру жұмыстары ұйымдастырылып, жекелеген өңіріне тиесілі тау жынысытардағы Мұнай (газ) мөлшерінің қалыпсыздықтары, яғни орташа мөлшерден артық мәндері анықталады да, солар тереңдіктердегі Мұнай жатындарыныңжер бетіне жақын өңірлеріндегі нақтылы нышандары ретінде бағаланады. бұл әдістер Мұнайды (газды) тікелей іздеу әдістері қатарына жатады. Жоғарыда сөз болған қалыпсыздықтар екі түрлі болуы мұмкін: "бастапқы қалыпсыздықгар" Мұнай немесе газ жатынын көмкеріп жатқан тау жынысы қабаттарындағы көмірсутекті құрамбөліктер үйірімділігінің жоғары дәрежесімен сипатталады; "туынды қалыпсыздықтар" көмірсутектердің шашыранды үйірімдерімен әрекеттескен өнімдер мөлшерінің тау жынысытарда немесе жерасты суларында қалыпты мөлшерден көбірек болуымен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}