Мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарының геофизикалық әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарының геофизикалық әдістері - Геологиялык қимадағы таужыныстардың физикалық қасиеттерінің әр түрлілігіне негізделген іздеу-барлау әдістері. бұл әдістер кешені әдетте "геофизикалық барлау" деген атауға біріктіріледі. Алайда оларды екіге бөлу орынды, оның біріншісі - "далалық іздеу геофизикасы", екіншісі - "өндірістік барлау геофизикасы". Біріншісінің мақсаты — шөгінді алаптың немесе оның жекелеген алқаптары мен аудандарының аймақтық қойнаулық құрылысын анықтау, сөйтіп Мұнай мен газдың түтқышы рөлін атқаруы мұмкін жергілікті құрылымдарда іздеу бүрғылауларын дайындау. Дала геофизикасында қолданылатын басты-басты әдістер — гравиметрлік, магниттік, электрлік және сейсмикалық әдістер болып табылады. Радиометрлік және геотермикалық әдістерді қолданудың да болашағы үмітсіз емес. Өндірістік барлау геофизикасы кенорынды игеруге дайындау және өндірістік қорларды анықтау мұддесін көздей отырып, Мұнайлы (газды) қабат қимасын және кенорын жатындарының параметрлерін зерттеу шараларын жүзеге асыратын өндірістік геофизика әдістерін пайдаланады. бұл әдістер қатарына жататындар — электрлік каротаж, радыоактывтік каротаж, термокаротаж, акустикалық каротаж т.б.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}