Мұнай және газ кіріктіруді бағалау белгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай және газ кіріктіруді бағалау белгілері. Мұнайдың және газдың геологиялық нысандарын олардың болашақ мүмкіндіктері тұрғысынан жіктемелеу шараларының негізі ретінде алынатын мұнай (газ) кіріктіру белгілері. Бұл белгілер есептеліп шығарылған және теориялық заңдылықтар негізінде таңдалып алына отырып, мұнай-газ геологиялық салалары тұрғысынан топтастырылады. Осыған орай, тектоникалық (оның ішінде палеотектоникалық, құрылымдық және жақатектоникалық), палеогеографиялық, литологиялық, геохимиялық және гидрогеологиялық бағалау белгілерін дербестеуге болады.

Тектоникалық белгілер. Бұл белгілер өз өңірінде көмірсутектердің және олардың шоғырларының жинақтау, қоныс аудару, шоғырлану және бұзылысқа үшырау процестері жүзеге асқан мұнайлы-газды нысандарды жіктемелеу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Тектоникалық белгілер көмірсутектердің ресурстарын көлемдік-тектік әдіспен есептеу барысында қолданылатын ең басты сипаттама болып табылады. Мұнайлы-газды нысандарды шөгінді қималардың қалыптасу жағдайы тұрғысынан жіктемелеуге мүмкіндік береді. Басты белгілер — шөгінді қимадағы теңіздік және континенттік түзілімдердің арақатынасын, сол сияқты нысан аумағындағы жабын-жыныстар мен жинауышжыныстардың таскелбеттік болмысын ақықтау шаралары. Бұлардың алғашқысы нысанның туындау потенциалын, ал екіншісі — қимадағы көмірсутектерді дербестейтін және өткізетін денелердің морфологиясы мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Литологиялық белгілер қиманың жайпақ және тік бағыттардағы әркелкілігін, оларды құрайтын тау жыныстарының сүзбелеу мүмкіндігі тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Тік бағыттағы әркелкілікті саралау қиманы өткізгіш және қалқалаушы кешендерге жіктеу мүмкіндігін қамтамасыз етсе, кешеннің аталған элементтерінің жайпақ бағыттағы әркелкілігі флюидтердің тік және жазық бағытта қоныс аудару жағдайын, көмірсутектердің шоғырларға жинақтау және олардың сақталу мүмкіндіктерін анықтайды. Литологиялық белгілер басты-басты екі топқа бөлінеді.

  • 1. Жабындардың құрамы, құрылыс ерекшеліктері және тығыздалу дәрежесі.
  • 2. Кешеннің көмірсутектерді өткізетін бөліктерінің құрамы, құрылыс ерекшелігі және тығыздалу дәрежесі.

Литологиялық белгілер көмірсутектердің болжамдық ресурстарын көлемдік әдістермен есептеу барысында қолданылады. Геохимиялық белгілер мұнайлы-газды нысандарды аймақтың, сирегірек белдемдік деңгейде көмірсутектерді тудыру потенциалы, көмірсутектердің болжамдық ресурстарындағы мұнай мен газдың үлес салмақтары тұрғысынан жіктемелеуге мүмкіндік береді. Геохимиялық белгі шашырынды органикалық заттардың массасын, үйірімділігін, тектүрін және өзгермелену дәрежесін түгелімен ескеруді қажет етеді. Геохимиялық белгілер мұнай мен газдың болжамдық ресурстарын көлемдік-тектік әдіспен анықтау барысында қолданылады. Гидрогеологиялық белгілер көмірсутектер шоғырының жинақталу, қоныс аудару және бұзылыстарға ұшырау процестеріне әсерін тигізетін мұнайлы-газды нысандардағы флюидтердің көрініс беру жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, гидрохимиялық және гидродинамикалық белгілер болып екіге бөлінеді. Ірі нысандар үшін Мұнай және газ кіріктіруді бағалау белгілерінің сандың көрсеткіштері бүкіл жер жүзіндегі мұнайлыгазды алаптардың белгілі деректерін есепке ала отырып жасақтанылады. іздестіру сілтемелері. Пайдалы қазба кендерін іздестіру істеріне бағыт-бағдар сілтеу мақсатында жасақтала отырып, кен көздерінің кеңістіктегі орналасу зандылықтарын теориялық тұрғыдан негіздеуге тырысатын пайымдар. Литологиялық-таскелбетті, стратиграфиялық, құрылымдық, магмалық, геоморфологиялық және геохимиялық і.с. белгілі. Синонимі — іздестіру түжырымдары.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұнай және газ кіріктіруді бағалау белгілері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}