Мұнай жұрыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай жұрыны. Құрамындағы мұнай массасы (мұнайдың геологиялық қоры) бүкіл мұнай және газ жатыны массасынын 50 %-дан азырақ бөлігін құрайтын мұнайгазды жатынның мұнайлы бөлігі. Мұнай жұрыны жатынның төменгі жағында, газ бен су қабаттары аралығында мұнаймен қаныққан жинауыш тау жынысы қабаты түрінде көрініс береді. Қойнауқаттық газ тығыздығы біршама жоғары болған жағдайда (0,4 г/см3-қа шейін) мұнай жұрынының қалындығы мұнайгазды жатын биіктігінің 35 %-ынан аспайды, ал саяз тереңдіктердегі бұл көрсеткіш 10 %-дан да азырақ болады. Жатын ауқымды болған жағдайда мұнай жұрыны. Мұнайдың айтарлықтай ірі қорын құруы ықтимал. Бірақ оларды өндірістік тұрғыдан игеру өте қиынға соғады. себебі игеру ұңғымасының оқпанына аталған мұнай массаларымен бірге төменірек орналасқан су массалары және жоғарырақ орналасқан газ массалары жарыса көтерілетін болады. Мұнай жұрыны екі жолмен қалыптасуы мүмкін. Бірінші жағдайда жатын ауқымына бірінші кезекте газ массалары жинақталады да. жатынның беткі бөлігін тоғытады, ал мұнай массалары жатынға кейінірек жинақталып, Мұнай жұрынын құрайды. Бұл жағдайда жатынның газ кіріктірген бөлігінде қалдықмұнаймен қанығу іздері мүлдем болмайды. Екінші жағдайда мұнайлы тұтқышқа газ массалары кейінірек жинақтала бастайды да. бүрыннан бар мұнай массасын жатынның төменгі өңіріне қарай бірте-бірте ығыстырады. Нақ осы жағдайда газ жатыны ауқымында қалдық мұнаймен қанығу іздері анық сақталады. Мұнымен қатар, тұтқыш мұнаймен жақсьі қаныққан болса және оған келіп кіріккен газ мөлшері де біршама мол болған жағдайда мұнайдың бір бөлігі тұтқыш аумағынан өзге өңірлерге ығысып кетуге мәжбүр. Алайда мұнайдың бүкіл қоры түтқыш аумағынан аласталып кетуі мүмкін емес; түтқыш күлпы деңгейінен төмен өңірде "ығыстырылмаған жұрын" деп аталатын мұнай бөлігі сақталып қалуы тиіс, оның қалыңдығы мұнайдың жинауышқа кірігуіне жетерлік капиллярлық қысым мөлшерімен анықталады. Мұндай жүрындардың көрініс беруі жатыннан мұнайдың газбен ығыстырылып шығарылу процесі шынында да болғандығын көрсетеді. Мұнай жұрынының қалыптасуы барысында газ жатынға өзге өңірлерден келіп кірігуі тиіс. Газсыздану деңгейі қаншалықты жоғары болған жағдайдың өзінде де мұнайда еріген газдың мөлшері мұнай жұрыны бар мұнай-газ жатынын қалыптастыруға жеткіліксіз болмақ. <ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}