Мұнай гидрогеологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай гидрогеологиясы - жалпы гидрогеология ғылымының мұнай және газбен әрдайым бірге жүретін жер асты суларын жан-жақты зерттейтін қолданбалы саласы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Жерасты суларының жаралу тегі, қозғалысы, физикалық-химиялық қасиеттері және олардың жер бетінде көрініс беру жағдайы жайлы мәселелерді мұнай және газ геологиясымен ұштастыра отырып саралауға негізделген ілім, жалпы гидрогеологияның қолданбалы бағыты. Мұнай гидрогеологиясының мазмұны, әдістері және мақсат-мүдделері мұнайды тудырған көне органикалық заттардың көне ұйықтар құрамында түзіле бастау сәтінен бастап, солардың есебінен қалыптасқан мұнай жатындарының пайда болуына дейінгі аралықгағы барша процестер жерасты суларының қоян-қолтық араласуы жағдайында өтетіндігінен, мұның бәрі белгілі бір табиғи зандылықтарға сәйкес болатындығынан туывдайды. Мұнайдың геологиялықтарихы барысыңда жерасты сулары сол мұнайды кіріктіруші орта болып қана қоймайды, оның қалыптасуына және геохимиялық эволюциясына белсенді түрде әсер етіп отырады. Сондықган мұнайға деген аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстарды, іздеу-барлау жұмыстарын жүгізудің барлық сатылары барысында белгілі бір аймақтың мұнай кіріктіруге деген мүмкіндіктерін бағалау, мұнай іздеудің бағыттары мен кезекті нысандарын таңдап алу, сол сияқты, табылған мұнай және газ кенорындарын игеру барысында сол өңірдің гидрогеологиялықжағдайы міндетгі түрде ескеріліп отыруы тиіс.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub