Мұнайлы мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Мұнайлы мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңы өңіріндегі мұнай кен орны. Атырау қаласынан оңтүстік-шығыста 205 км жерде орналасқан. Кен орны 1947 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Кенорынды сыйыстырушы көтерілім қос қанатты тузкүмбезді кұрылым. Тұзүсті таужыныстардың стратиграфиялық қимасында төменгі бор, ортанғы юра, пермь-триас шөгінділері мұнайлы. Осыларда бөлінген 11 мұнайлы горизонттың екеуі неоком, сегізі ортаңғы юра жене біреуі пермь-триас таужыныстарында.

Жатыс сипаты

Неокомның мұнайлы горизонттары 523-563 м, ортаңғы юранікі 902-1372 м, пермь-триастікі 1649 м тереңдіктерде. Неоком жатындарының биіктігі 61-63 м, ортаңғы юранькі 31-70 м, пермь-триастікі 9 м. Су-мұнай жапсары неоком, ортаңғы юра, пермь-триас жатындарында, тиісінше -586-634, -1142-1403 және -1658 м белгілерде. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Неоком горизонттарының тиімді қалыңдығы 4,4-4,6 м, ортаңғы юранікі 5-20,1 м, пермь-триастікі 5,5 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі неоком жатындарында 30%, ортаңғы юра жатындарында 22-27%, пермь-триас жатындарында 25%. Неоком горизонттарының етімділігі 2,617 мкм2, ортаңғы юранікі 0,157-1,088 мкм2. Мұнайдың бастапқы шығымдары 1,7-9,8 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 6-14 МПа, температура 32-63°С.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайдың тығыздығы 817-909 кг/м3. Мұнайлар аз күкіртті (0,05-0,41%), парафині 0,74-2,5%. Жатындардың жұмыс режимі суарынды. Хлоркальцийлі қойнауқаттықсулардың тығыздығы 1086-1137 кг/м3, минералдылығы 126,9-205,5 г/л. Кен орыны 1947-1996 жылдар аралығында игерілді. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер