Мұнайдың және газдың стратиграфиялық (стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған) жатыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайдың және газдың стратиграфиялық (стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған) жатыны Жинауыш қойнауқатты көнелігі өзгеше, мүнайды (газды) нашар өткізетін тау жынысы қабаттары көмкеруі нәтижесінде қалыптасқан тұтқышқа жинақталған мұнай немесе газ жатыны; "үйлесімсіздіктің астындағы жатын" және "үйлесімсіздіктің үстіңдегі жатын" болып екі түрге бөлінеді. Бірінші жағдайда жинауыш қойнауқат бұрыштық үйлесімсіздікпен сипатталған, жинауышқа қарағанда жастау, мұнай (газ) массасын нашар өткізетін тау жынысы қабатымен көмкеріледі. Екінші жағдайда жинауыш қойнауқат өзінен гөрі көнелеу және мұнай (газ) массасын нашар өткізетін тау жынысы қабаттарымен үйлесімсіз түрде жанасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}